Қазақстан әлемдік ЖІӨ өсіміне үлес қосатын топ-25 елдің қатарына енді
Қазақстан әлемдік Жалпы ішкі өнім өсіміне үлес қосатын ТОП-25 елдің қатарына енді. Халықаралық валюта қорының болжамынша, 2026 жылы әлемдік экономика 3,1% өседі. Негізгі өсім дамушы елдер есебінен қалыптасады. Әсіресе Қытай мен Үндістан жаһандық өсімнің 43%-дан астамын қамтамасыз етеді. АҚШ-тың үлесі – 9,9%, ал Еуроаймақтың жиынтық көрсеткіші – 9,5%. Еуропада өсім халықтың қартаюы мен қатаң қаржы саясатына байланысты баяу. Дамушы нарықтар – Индонезия, Түркия, Сауд Арабиясы, Бразилия, Вьетнам, Египет және Нигерия – әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып келеді. Қазақстан 4,8% өсім болжамымен әлемдік жалпы ішкі өнім өсіміне 0,7% үлес қосып, рейтингте 23-орынға тұрақтады. Бұл ел экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және оның жаһандық экономикадағы рөлінің артып отырғанын көрсетеді, - дейді экономистер.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Әлемнің дамыған мемлекеттері үшін Қазақстан бұл Орта Азиядағы инвестициялық саяси тұрақтылығы бар мемлекет. Осындай жақсы бағаны ала отырып, сол мемлекеттер Қазақстан үшін Орта Азиядағы алаңдамайтын экономикалық тұрақтылығы жақсы және болашақта да сол қарқынды жалғастыра беретін мемлекет ретінде таниды. Екіншіден, Орта Азия әлемнің инвестиция салуға ұмтылып жатқан мемелекеттері. Қазақстанның осы көрсеткішке жетуі Орта Азияның рейтингін көтеріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы