Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ.
Корольдіктің ішкі істер министрі Шабана Махмуд көші-қон заңнамасын реформалау
жоспарын жария етті. Оған сай заңды мигранттардың көбі тұрақты тұруға өтініш
бермес бұрын елде кемінде 10 жыл тұруға міндетті. Ал заңсыз жүрген
шетелдіктер мен босқындарға 20 немесе 30 жыл күтуге тура келеді. Ішкі істер
министрі жаңа ережелер үкіметке мигранттарға арналған жәрдемақылардан миллиардтаған
фунт стерлинг үнемдеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Ұлыбританияда 70 млн
адам тұрады. 2004 жылдан бері халық саны мигранттар есебінен 11 миллионға
көбейген.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18