Басты Жаңалықтар Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Алматыда Құрылтай депутаттары Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Құрамында Құрылтай депутаты Сергей Пономарев бар жұмыс тобы қала тұрғындарымен кездесіп, ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды талқылады. Депутат өз сөзінде елдің болашағы үшін адами капиталға инвестиция салу мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту маңызды екенін атап өтті. Жиында Алматының экологиялық жағдайы да сөз болды.

Сергей Пономарев, Құрылтай депутаты:

Депутат Сергей Пономарев ғалымдар бас қосқан жиынға қатысты. Ғылыми қауымдастық өкілдері де өз салаларындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Ғылымды қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу және жас зерттеушілерді әлеуметтік қолдау бағыттары талқыланды.

Бахытжан Дүйсембеков, Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ басқарма төрағасы:

Ғалымдардың, соның ішінде жас ғалымдардың жағдайы қалай болмақ? Міне осы мәселе жөнінде де инфрақұрылымдарды жаңарту, бұл орталықтандырылған Астана қаласында ғана емес, басқа өңірлерде де дамыту, міне, бөлініп жатқан қыруар қаржының тиімді пайдалануы, міне, осы мәселелердің барлығы – халықтың бақылауында.

Теміржан Айтбаев, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ басқарма төрағасы:

Арнайы жастар бағдарламалары жас ғалымдар қамтылмайды. Сондықтан осы мәселені көтеру керек. Көптеген ғылыми мекемелер ауылдық жерде орналасқан. Жастар ауылға барады, «Дипломмен – ауылға» олар қамтылмайды. Жастардың баспана мәселесін шешу үшін оларға жеңілдетілген баспана мәселесін көтеру керек.

Бөлісу