Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
Семейде заңсыз темекі саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды. Тергеу
материалдарына сәйкес 49 жастағы кәсіпкер заңсыз темекі өнімдерін арзан бағаға
сатып алып, әрі қарай сатумен айналысқан. Сот оған екі жылға бас бостандығын
шектеу жазасын тағайындады. Алайда ер адам амнистияға ілініп, негізгі жазадан
босатылды. Ал тәркіленген 111 мың 896 қорап темекі сот шешімімен жойылды.
Өнімдердің ешқайсысында акциздік марка мен сәйкестендіру номері болмаған.
Заңсыз тауардың нарықтық құны 108 миллион теңгеден асады. Ал мемлекетке
төленбеген акциз сомасы 40 миллион теңгеден артық.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18