Басты Жаңалықтар Шетелдік сарапшылар тау туризмнің әлеуетін жоғары бағалады

Шетелдік сарапшылар тау туризмнің әлеуетін жоғары бағалады

Елімізде тау туризмінің дамуы қарқынды. Мәселен, жыл сайын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына 1,5 млн турист келеді. Оның 25 пайызы – шетелдік саяхатшы. Ал демалыс орнының бір мезеттегі сыйымдылығы – 600 мың адам. Бұл деректер Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалінде айтылды. «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ринат Әбдірахмановтің пікірінше, басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту, Еуразия кеңістігінде туризм мәдениетін қалыптастыру. Оған қоса отандық тау-шаңғы курорттарын халықаралық деңгейде таныстырып, туристер ағынын арттыру көзделіп отыр. Басқосуда мамандар Алматы тау кластерін дамытудың стратегиялық маңызын атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін  қозғады. Фестивальге қатысқан сарапшылар Алматы тау кластерінің әлеуетін жоғары бағалады.

Бөлісу