Басты Жаңалықтар Арал ауданында жаңа кәсіпорындар көбейді

Арал ауданында жаңа кәсіпорындар көбейді

Қызылорда облысы, Арал ауданында шағын және орта бизнес өркендеп келеді. Жергілікті кәсіпкер «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алып, түрік технологиясымен былтырдан бері тұрмыстық химия өнімін шығарып жатыр. Жобаның жалпы құны 320 миллион теңге. Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қазір мұнда кір жуғыш ұнтақтың 3 түрі өндіріледі. Аралдың жаңа өнімі ішкі нарықпен қатар, бірнеше шет мемлекеттерге экспортталуда.

Аманжол Жұбаныш, кәсіпкер:

Тәулігіне 22 тонна өнім шығарамыз қазір. Дайын өнімді. Шикізаттың 60 пайызы осы жергілікті шикізат қалғаны сырттан келеді 40 пайызға жуығы. Сол жергілікті нарыққа жіберіп жатырмыз енді қазір.

Ал он саусағынан өнер тамған Айнұр Майқанова «Ауыл аманаты» бағдарламасымен аудан орталығынан шағын тігін цехын ашты. Кәсіпкер ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай, бүгінде Арал тұрғындарын қазақы нақыштағы сәндік киімдермен қамтып отыр. Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен кәсібін кеңейтіп, жастарды тігінге үйретуді көздейді.

Айнұр Майқанова, кәсіпкер:

Ең бірінші мен бастаған кезімде тек қана наурызға ғана я біреуге сыйлыққа беруге ғана алатын. Ал қазір кез келген тойға киетін болды келіншектер барлығы бірдей болып. Қазіргі тілмен айтқанда трендке айналды.


Бөлісу