Экономистер жаңа Конституция жобасын талқылады
Конституциялық реформа институционалдық жаңғыруға серпін беріп, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл «Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа басымдықтары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды. Сарапшылардың айтуынша, басты міндеттер қатарында өнеркәсіп әлеуетін күшейту, өңдеу саласына инвестиция тарту, бюджет саясатын тиімді жүргізу және инновацияны дамыту бар. Сондай-ақ, Конституцияның жаңа жобасы мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін арттырып, экономикалық шешімдердің ашықтығына қойылатын талаптарды күшейтетінін атап өтті. Жиында макроэкономикалық үрдістер мен өңірлік дамудың жаңа мүмкіндіктері де талқыланды. Саясаттанушы Ғабит Матаев жергілікті билік өкілеттіктерін кеңейту өңірлерге инвестициялық саясатты өздері қалыптастыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашатынын айтты. Сарапшылар конституциялық реформаны жүйелі түрде жүзеге асыру ел экономикасының тұрақты өсіміне ықпал етеді деген пікір білдірді.
Азамат Нұрсейітов, экономика ғылымдарының кандидаты, экономикалық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Конституцияның жаңа жобасы мемлекеттің құқықтық негіздерін нақтылауға бағытталған. Құжатта Парламент құрылымын өзгерту, яғни екі палаталы жүйеден бір палаталы модельге көшу қарастырылған. Бұл заң қабылдау үдерісін жеделдетіп, артық бюрократияны азайтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы