Президент Ұлттық Құрылтайдың ІІ отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық Құрылтайдың ІІ отырысын өткізді

17.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Осы кешен аумағында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Президентке «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығындағы ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу