Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында Софья Самоделкина еркін бағдарламаға тікелей жолдама алды
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер сайысында финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина жарыс жолына 17-ші болып шықты. Ол маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, қысқа бағдарламада 68.47 ұпай еншіледі. Осылайша, Софья Самоделкина ертең өтетін еркін бағдарламаға тікелей жолдама алды. Бір қызығы, Софьяның Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келді. Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша жапониялық қос спортшы бірінші және екінші орынды алса, америкалық мәнерлеп сырғанаушы үштікті түйіндеді. Ал Софья Самоделкина 12 орын алды. Бұл нәтиже финалда өнер көрсету үшін жеткілікті.
Софья Самоделкина, спортшы:
Бұл менің ең жақсы өнер көрсеткенім болды деп ойлаймын. Өзім дән ризамын. Бапкерім де мақтау айтты. Келесі кезеңде барымды салуға дайынмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16