Басты Жаңалықтар «Астана бизнес»: 254 жоба мақұлданды

«Астана бизнес»: 254 жоба мақұлданды

Премьер-министр Олжас Бектенов жылына 5 мың тоннаға дейін өнім шығаратын кондитерлік, ұн және нан-тоқаш өнімдерін дайындайтын мекеме жұмысымен де танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен  шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Былтыр астаналық кәсіпкерлерді қолдау үшін жергілікті бюджеттен 13 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету бойынша 3 мыңнан астам жоба субсидияланды. Бұдан басқа, «Астана бизнес» жергілікті несиелендіру бағдарламасымен 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 254 жоба мақұлданған.

Үкімет басшысы жаңа шаңғы кешенінің жұмысымен танысты

Сондай-ақ Үкімет басшысы бір жылға жетпес уақыттың ішінде салынған Астанадағы шаңғы кешеніне барды. Нысан толықтай  заманауи жаңа спорттық құралдармен жабдықталған. Бұл жер олимпиадалық резервті даярлау орталығының да спортшыларын дайындайтын негізгі алаңға айналмақ. Премьер-министр салалық министрліктер мен Астана қаласы әкімдігіне олимпиадалық резервті дайындау үшін инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жастарды бұқаралық спортқа тарту бағдарламаларын кеңейтуді тапсырды.


Бөлісу