Орталық Азия елдері Ауғанстан арқылы теңізге шықпақ
Орталық Азия елдері Ауғанстан арқылы теңізге шықпақ. Бұл Үнді мұхитына шығудың ең қысқа әрі баламалы жолы болмақ. Нәтижесінде жүк тасымалы арзандап, логистика дамиды. Осы мақсатта Орталық Азия мемлекеттері, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдері Ауғанстан арқылы өтетін жаңа транзиттік дәліздерді дамытуға мүдделі. Сарапшылар бұл бастама аймақтың геоэкономикалық салмағын арттырып, жаңа нарықтарға жол ашатынын айтады.
Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрілігінде өткен жиында осы мәселелер
талқыланды. Жиынға әр елдің арнайы өкілдері қатысты. Жаңа транзиттік бағытты
дамытудың тиімділігіне тоқталды.
Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік бағыт – Орталық Азия үшін тек
экономикалық емес, стратегиялық жоба. Бұл дәліз жаһандық сауда-саттықты
дамытуға жол ашады.
Еркін Тұқымов, ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі:
Біздің ұн, өсімдік майы, дәрі-дәрмектер, Ауғанстан азаматтары арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақстан теңізге шыға аламйтын ел ретінде Үнді мұхитына оның ішінде Ауғанстан аумағы арқылы қол жеткізу өте маңызды. Жалпы транзит ең маңызды бағыттардың бірі.
Исматулла Иргашев, ӨР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі:
Біріншіден біздің әріптестерімізге алғысымызды білдіргім келеді. Олар Ауғанстан елімен байланыс тобын құру туралы Өзбекстан елінің бастамасын қолдады. Бүгінгі жиынның маңызы өте зор. Себебі бұл басқосу Орталық Азия елдерінің ортақ ұстанымын қалыптастырады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16