Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасы: Бала ата-анасына жауапты

Жаңа Конституция жобасы: Бала ата-анасына жауапты


Жаңа Конституция жобасында маңызды қағидалардың бірі – ата-анаға қамқор болу міндеті нақтыланған. Үлкенге құрмет, ата-анаға қамқорлық – ұлттық тәрбиенің өзегі. Жаңа Конституция жобасы – құқық пен жауапкершіліктің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған маңызды құжат. Отбасылық жауапкершілікті күшейтеді, ұрпақ сабақтастығын нығайтады, қоғамдағы адамгершілік қағидаларды бекемдейді, дейді Ұлттық арна ұйытқы болған онлайн-марафонға келген сарапшылар.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Екі бірдей жақсы норма енгізіліп отыр. Ұрпақ үшін ата-ананың тікелей жауапкершілігі. Яғни, балаға тәрбиесі. Оның өсуі, денінің саулығы.

Бала өскеннен кейін ата-анасына жауапты деген. Бұл маңызды екі норма деп есептеймін. Біздің қазақ халқының төл табиғатына үндес келетін, сол талаптан шығатын өте жақсы нормалар.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жалпы 85 пайыз Конституцияның мәтіні ерекшеліктерге негізделген. Жалпы осы Конституцияға Миранда қағидасы енгізілген. Бұл өте қуанарлық жағдай. Яғни, азаматтардың кінәлі дәлелденбеген жағдайда, уақытта яғни, соттың үкімі шығармаған уақытта адамды сен кінәлісің деп айтуға болмайды.

Қазіргі заманға сай, адамға, адамзатқа жақын. Яғни, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін Конституция болып табылады. Сол үшін біз оны халықтық конституция деп те атаймыз.


Бөлісу