Алматыда «Ана мен бала» қайырымдылық концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ана мен бала» қайырымдылық концерті өтті

08.04.2019

Ел өңірлеріндегі «Қарақат» мектеп-студиясының талантты өнер ұжымдары үлкен сахнада көпшіліктің көңілін бір серпілтті. Талғампаз көрерменді тәнті еткен шығармашылық кештің біз көрмеген басқа қандай ерекшелігі бар? Нұрлан Асқарұлының сюжетінен білейік.

Студенттер сарайында өткен кеште Өмірқұл Айниязов, Қарақат Әбілдина және Қыдырәлі Болманов сынды танымал өнер жұлдыздары ән шырқады. Оған қоса, әр аймақтағы «Қарақат» мектеп-студиясының жас өнерпаздары да ән шашуын ала келген.

Алдыңғы буын аға-әпкелерімен концертте бірге ән салған жас дарындылар үшін бұл теңдессіз тәжірибе алаңы болды. Сондықтан кешті ұйымдастырушылар шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізбекші. «Себебі өңірлердегі жастардың арасында ұлттық өнерге деген құштарлық артқан»,-дейді мамандар.

Жасұлан Сақаев, «Алатау серілері» тобының әншісі:

- Қазіргі кезде дәстүрлі ән кез келген ортада үлкен сұранысқа ие. Өйткені халық ұлттық өнерді қалайды.

Шығармашылық кешті ұйымдастырған өнер ұжымы болашақта «Ана мен бала» қорын құрып, елдің барлық аймағын аралап, қайырымдылық концерт өткізуді жоспарлап отыр. Ал, бүгінгі игі бастамадан түскен қаражат көпбалалы аналарға көмек ретінде беріледі.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу