Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығына медициналық жабдықтар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығына медициналық жабдықтар табысталды

07.02.2015
Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығына медициналық жабдықтар табысталды

«Асыл мирас» қайырымдылық қоры Қызылорда облыстық «Ана мен бала» орталығына медициналық жабдықтар сыйға тартты.

Құны 30 миллион теңгені құрайтын құралдар екінші «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруі кезінде жиналған қаражатқа сатып алынған.

Аппараттар ауыр халде туып, жансақтау бөліміне түскен нәрестелерді сауықтыруға арналған.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу