«Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің 1 жылдығын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің 1 жылдығын атап өтті

17.10.2017

Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша құрылған «Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің 1 жылдығын атап өтті. Балаларға ерекше тарту жасады. Театрда жыл басынан бері мектеп оқушыларына, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге қайырымдылық концерті ұйымдастырылған-ды. Бір жылдық аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен есту қабілеті нашар мектеп-интернатының оқушыларына театр ұжымының концерті мен тегін мультипликациялық фильм көрсетілді. Басты мақсат - мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдеп, көпшілік назарынан тыс қалдырмай, қолдау көрсету. 

Берік Жүсіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:  

 - Жалпы, мұндай шаралар театрымызда жыл бойы өткізіліп келе жатыр. Міне, осындай 20-дан аса қайырымдылық шара өтті. Енді, өзі Алла Тағаланың жазылмаған заңында да адам баласы жасаған заңының қай тармағы қай саласында да қайырымдылық мәселесі қолданып отырады.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу