Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген

Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген

Жаңа Конституция жобасында тарихи-мәдени мұраны сақтауға баса мән берілген. Қазір осы құндылықтарды қорғау мәселесін онлайн-марафонда талқылап жатыр. 

Самал Қабышева, тілші:

Жаңа Конституция жобасында мәдениет, шығармашылық, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жобада «тарихи-мәдени мұраны сақтау» мен «төл мәдениетті қолдау» негізгі қағидат ретінде алғаш рет айқындалды. Қазіргі қолданыстағы Ата заңымызда мұндай нақты әрі жүйелі ұстаным жоқ.

Бұл өзгеріс мәдениет пен руханияттың маңызы мен рөлін айшықтайды. Аталған жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сабақтастықты сақтауға және ұлттық код пен мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашады.

Жобада азаматтардың тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті Конституция деңгейінде бекітіліп отыр. Жаңа талқыға шыққан спикерлер де құндылықтарды қорғау мәселесіне тоқталды.

Жаңа Конституция жобасы тек саяси және құқықтық институттарды қайта құрумен ғана шектелмей, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды елдің құқықтық негізі ретінде бекітуге бет алды. Ел тұрғындары тарихи және мәдени ескерткіштерге қамқор болуға, оларды сақтауға тиіс екені айқын көрсетілген.

Бұл өзгерістер Қазақстан қоғамының біртұтастығын нығайту мен ұлттық өзіндік танымын қалыптастыруға жаңа серпін беретіні сөзсіз.


Бөлісу