Басты Жаңалықтар Қалалық коалицияның алғашқы отырысы

Қалалық коалицияның алғашқы отырысы

Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтті. Коалиция құрамына қоғамдық-саяси институттардың 200-ге жуық өкілін енгізу жоспарланған. Олардың қатарында Мәслихат депутаттары, саяси партия, қоғамдық кеңес мүшелері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық, зиялы қауым мен жастар ұйымдарының өкілдері бар. Басқосуда коалицияның құрылымы айқындалып, дербес құрамы мен басшылығы бекітілді. Сондай-ақ алдағы жұмыс жоспарының басым бағыттары нақтыланды. «Коалицияның негізгі мақсаты – кең ауқымды қоғамдық-саяси бірлестік қалыптастыру және алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу»,- дейді жиынға қатысушылар.

Дидарбек Ділдәбек, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:

Біз алдағы аптадан бастап толыққанды коалицияның жұмысын жүргізіп бастап кетеміз. Бұл шаралардың ішінде тек кездесулер ғана емес, жастарға бағытталған әртүрлі форматтағы кездесулер бар, экспромт кездесулер бар, түсіндіру жұмыстары бар. Сонымен қатар жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған шараларымыз орын алып отыр.

Ғалымжан Саржанов, қалалық адвокаттар алқасының адвокаты:

Жалпыұлттық Конституция қабылданғалы жатыр. Ел Конституциясы. Адвокаттардың деңгейі Конституция деңгейіне көтеріліп жатыр. Азаматтардың кейбір құқықтары Конституция  деңгейіне көтеріліп жатыр. Осындай нормалардың жаңа Конституциямызда орын алуы бұл халық үшін жасалған игі іс, біздің жетістігіміз деп ойлаймын.


Бөлісу