eGov Mobile арқылы әлеуметтік көмекке өтініш беруге болады
eGov Mobile арқылы енді әлеуметтік көмекке өтініш беруге болады. Мобильді қосымшада қызметтің осындай жаңа түрі пайда болды. Жүгіну үшін қосымшаға кіресіз. «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлікті таңдайсыз. Оның ішінде «арнайы қызметтер» деген батырманы басып, «жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» деген жерді басасыз. Дәл осы жерге өзіңіз жайлы ақпаратты толтырып, жібересіз. Өтініш 8 жұмыс күніне дейін қаралады. Нәтижесі ұялы телефонға хабарлама ретінде келеді. Осылайша үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде «әлеуметтік көмекке» ұялы телефонмен өтініш беруге мүмкіндік туды. Бұған дейін бұл қызметті тек компьютер арқылы жүзеге асыруға болатын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30