«Қазгидромет» суперкомпьютерді іске қосты
«Қазгидромет» ауа райын болжауда суперкомпьютерді іске қосты. Енді болжамдар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы жаңа технологияның көмегімен жасалады. Суперкомпьютер атмосферадағы миллиондаған деректі бір мезетте өңдеп, ықтимал өзгерістерді алдын ала анықтайды. Нәтижесінде су тасқыны, боран, дауыл сияқты қауіпті табиғи құбылыстарды ерте ескертеді. Мамандардың айтуынша, бұл – «Қазгидромет» үшін стратегиялық серпіліс. Жаңа жүйе ауа райы болжамдарының дәлдігін арттырып қана қоймай, төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге және экономикалық шығындарды азайтуға ықпал етеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30