Былтыр 8 іздеу ұңғымасында бұрғылау аяқталған
«ҚазМұнайГаз» компаниясы кең көлемде зерттелмеген және жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Президент қабылдауында болған басқарма төрағасы Асхат Хасенов былтыр 8 іздеу ұңғымасында бұрғылау аяқталғанын айтты. Ал 2029 жылға дейін тағы 24 нысанда жұмыстар жоспарланған. Оған 900 миллион доллар инвестиция құйылады. Жалпы, 2025 жылы мұнай мен конденсат өндіру көлемі 10 пайызға өсіп, 26 миллион тоннадан асты. Былтыр үш мұнай өңдеу зауытында 17,5 миллион тонна шикізат өңделген. Кездесу соңында Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді.
Президенттің тапсырмасы аясында «ҚазМұнайГаз» компаниясы масштабты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде Қаратон, Подсоль учаскесінде көмірсутектерді айқындадық. Қазір тек бір объект қана сынамадан өтті. Алдағы уақытта барлық 5 объекті сынақтан өткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы