Мұхтар Шахановтың сайты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Шахановтың сайты ашылды

03.04.2019

Алматыда ақын, қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған сайт ресми түрде оқырмандарына жол тартты. Алқалы жиынға елге танымал тұлғалар мен ақынның шәкірттері, оқырмандары қатысты.

Сайтта ақынның жырлары, түрлі фотолар, сұхбаттары мен мақалалары топтастырылған. Сонымен қатар, тіл жанашырының кез келген кітабын осы порталдан табуға болады. Мұнда туындылардың толық нұсқасы енгізілген. Жалпы, шайырдың шығармалары жер бетіндегі 120-дан астам тілге аударылған.

Мұхтар Шаханов, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, ақын:

Менің өркениеттің адасуы деген романым бар. Шыңғыс ханның пенделік құпиясы деген романым бар өлеңмен жазылған. Сонда бір романның өзіне мен 50-ге жуық романдардың оқиғасын сығындап кіргізген екем. Соны ЮНЕСКО бірде бір ақынды қараған жоқ. Мені екі рет қарады. Сөйтіп, менің шығармаларымды әлемдік поэзияның осы заманғы биігі деп таныды.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ                                

Хабарламаларға жазылу