Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті

05.10.2022

«Ғұмыр – дария». Алматыда қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті. Шығармашылық кеште рухты поэзия оқылып, эстраданың танымал әншілері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Сондай-ақ, қала әкімі арнайы құттықтауын жеткізді. Мұхтар Шахановтың әдебиет пен ұлт руханиятына, түркі ынтымағына сіңірген еңбегін көпшілік жақсы біледі. Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған қайраткер биыл Президент қолынан «Қазақстанның еңбек ері» атағына ие болды.

Дулат Исабеков, жазушы:

Сексенге үлкен табыспен жетті. Бір қазақтың ғалымы, бір қазақтың жазушысы Мұхтардай еңбек етсін халқына. Бұл жай ғана той емес, бұл есеп, халықтың алдындағы есебі. Тау қопарып тастағандай еңбек етті.

Смағұл Елубаев, жазушы:

Жалпы Мұхтар ақынның мерейтойы күллі қазақ үшін ортақ той деп білеміз. Өйткені, Мұқаң ат жалын тартып міңгелі, қолына қалам алғалы оның мұңы қазақтың мұңы болды. Ендеше, халқы осынау ақынды алақанына салып, тойын тойлап, төбесіне көтеріп жатыр. Алыптарымыз азаймағай деп тілек айтамыз.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу