365info.kz сайты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

365info.kz сайты ашылды

10.06.2014
365info.kz сайты ашылды
 
Ақпаратты-сараптамалық 365info.kz жаңа сайты өз жұмысын бастады. Сайт тілшілері қазақ және орыс тілінде журналистік зерттеулер жасап, танымдық жаңалық таратуға күш салады.
 
Қазір ұйымдастырушылар ақпаратты тек жазба түрінде емес, онлайн-теледидар арқылы ұсынуды көздеп отыр. Жуырда соны технологиялармен жабдықталған телевизиялық студия ашылады.
Бұл қадам - әлемдік озық жаңалық таратушыларымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бермек.  
 
Қайрат Матреков, 365info.kz сайтының редакторы: 
Телестудияда қазақстандық және шетелдік сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Порталдың құрамында арнайы зерттеулер бөлімі бар. Біздің түсірілім тобымыз қазір Непалда қазақстандық ғалымдардың зерттеулері бойынша фильм түсіріп жатыр. 
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу