Атырауда тасқын қаупі күшейді
Атырауда жаға бекіту жұмысы 98 пайызға аяқталды. Өңірде қазір тасқын қаупі күшейді. Су деңгейі толассыз көтеріліп жатыр. Ахуалды Жайық бойынан тікелей қосылымға шығатын әріптесім Жандос Темірғали баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:
Жайық ернеуіне жетіп тұр. Ағысқа көз ілеспейді. Арқырап аққан өзен, осы бағытпен барып Каспий теңізіне құйылып жатыр. Қазір жаға биіктетіліп 510 шақырымнан астам бөгет тұрғызылды. Оған 1400-ге жуық техника мен 15 мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Тасқын қаупі күшейді
Қазір мол судың екінші толқыны Жайық-Каспий бассейніне құйыла бастады. Есесіне, қауіп күшейді. Өйткені, өңірлік жедел штабта жұмыс істеп жатқан ғалымдар алда әлі Орынбордан ойысқан су барын айтады. Нөпір судың кедергісіз теңізге құйылуы үшін өзен атырауы қазылып жатыр. Ол жақтағы жұмыстың тең жартысынан көбі аяқталды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21