Инвестициялық жобаларды іріктеу талаптары күшеюі мүмкін
Алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу талаптары күшеюі мүмкін. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы өңірлік даму тұжырымдамасын сынап, аймақтар арасындағы теңсіздікке назар аударды. Экономикалық зерттеулер институты өкілінің пікірінше, бірқатар облыстағы еркін экономикалық және индустриялық аймақтар өздерінің бастапқы мақсатын толық орындай алмай отыр. Әсіресе жаңадан құрылған өңірлерде инфрақұрылыммен қамту деңгейі төмен. Сондай-ақ өңірлерде бюджетті жоспарлау мен қаражатты тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр
Нұрболат Құрметұлы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық директоры:
Осыған дейінгі бюджетті игеру артық қалған ақшаны игеру, шама келгенше игеріп қалу сияқты мәселелерді доғару және бюджет қаражатын ең маңызды жобаларға ғана жұмсауды бүгін жүктеп атап өтті ол. Сондықтан мен өңірлердегі бұдан былай іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды сұрыптау процедурасы күшейеді деп ойлаймын.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10