Басты Жаңалықтар ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өтті

ҚБТУ ғимараты мемлекет меншігіне өтті

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратын NNEF қоғамдық қоры мемлекетке ерікті әрі өтеусіз түрде берді. Мұны қоғамдық қор ресми сайттарында жариялады. Қазір тарихи ғимаратты оқу орнының сенімгерлік басқаруына беру мәселесі бойынша қала әкімдігімен келіссөздер жүріп жатыр. Нысан мемлекет меншігіне өткенімен, ҚБТУ акциялары қордың иелігінде қала береді.

Қор өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік тәуелсіздік туралы заң қабылданған тарихи ғимарат Алматы қаласы мен жалпы еліміз үшін архитектуралық әрі мәдени құндылық саналады. Сондықтан оны мемлекеттік меншікке беру – нысанды ұзақ мерзімге сақтау мен ұқыпты басқаруға бағытталған жауапты шешім. Бүгінде еліміздің жетекші техникалық университетінде 8 мыңға жуық студент білім алады. Мыңнан астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді.


Бөлісу