Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 23 мың шақырту түседі
Елімізде жедел жәрдем қызметі барлық азамат үшін тегін. Науқастың азаматтығы, жасы, сақтандыру мәртебесі де маңызды емес. Бастысы - адам өмірін сақтап қалу, алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсету. Биыл тәулік бойы дамылсыз жұмыс істейтін мамандардың еңбегі еленіп, жалақысы да көтерілді. Енді олардың құқығы заңмен қорғалады. Жауапкершілігі мол саланың өкілдерімен әріптесім Асылбек Данияр тілдесіп келді.
Жедел жәрдем станциясы. Көмек сұраған адамның дауысы жететін жер. Диспетчер бірден бригадаға хабар берді. Ендігі әрбір минут, тіпті секунд қымбат.
Аружан Қалыбекова, фельдшер:
Біз қазір мектепте жарақат алған, яғни аяқ жарақатын алған 7 жастағы балаға бара жатырмыз. Біз алдын ала ол балаға не болғанын білмейміз.
Күндізгі және түнгі ауысым деп бөлінеді. Күндік 10-15 шақыртуға барамыз. Түнде 15-тен жоғары болады. Үй жағдайында босандыратын кездеріміз болады. Ауыр жарақат алған кісілер болады, инфаркт, инсульт алған кісілер бар. Оларды ауруханаға дейін аман-есен жеткізудің бәрі біздің мойнымызда.
Жедел жәрдем бригадасы санаулы сәтте науқасқа барып, қажет көмекті көрсетеді. Жағдайы жақсы болса, кеңес беріп, емханаға жібереді. Ауыр халдегі сырқат дереу ауруханаға жеткізіледі.
Аружан Қалыбекова, фельдшер:
Жеті жастағы қызды алып келдік. Би үйірмесінде оқыс құлаған. Қазір травмотологтарға тапсырдық, ол кісілер рентген жасап, амбулаториялық немесе госпитализация болатын өздері хабарлайды. Қасында әкесі бар.
Жедел жәрдем қызметі еліміздегі кез келген көмекке зәру адам үшін тегін. Шетел азаматы, сақтандырылмаған адамға да көмекке келеді.
Былтыр станцияларға 8 миллионнан астам шақырту түскен. Тәулігіне орташа есеппен 23 мың науқас жүгінген. Министрлік өкілі өткен жылмен салыстырғанда жүктеме азайды дейді. Оған емханалар жанынан ашылған мобильді бригада септігін тигізген.
Әсел Қыдырәлиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
Шақырту ешқандай категорияға, әлеуметтік осал топ, ауру түріне сәйкес, диспансерлік есепте тұр деп бөле алмаймыз. Қазіргі таңда, орта есеппен І категория шақыртулары – 8,7 минут, ІІ категория – 12,3 минут. ІІІ категория – 17 минут, IV категория – 27 минут.
Елімізде жедел жәрдем көліктерінің 66 пайызы тозған, яғни ескі. Ведомство өкілі лизинг бағдарламасы және облыс әкімдігі есебінен бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деді.
Асылбек Данияр, тілші:
Енді медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері заңмен қорғалады. Қызмет барысында олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытса, 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, не қоғамдық жұмысқа тартылады, немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал зорлық көрсетсе, бірақ ол өмірге қауіпті болмаса, айыппұл көлемі артады, қоғамдық жұмыс не 3 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған. Егер күш қолданылса, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін сотталады. Ауырлататын жағдай болса, 12 жылға дейін қамалуы мүмкін.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қалалар Smart City жүйесіне көшіп жатыр
26.01.2026, 20:16
Ұлыбританияда жедел жәрдем қызметі шын мүқтаж адамдарға ғана жіберіледі
26.01.2026, 20:14
Деректерді өңдеу орталығы алқабын салу үшін 200 га жер бөлінді
26.01.2026, 20:13
«Теңіз» кен орнындағы зауыт қайта іске қосылды
26.01.2026, 20:12
Әлем жаңалықтарына шолу
26.01.2026, 20:12
Қазақстанда нипах вирусын жұқтырғандар жоқ
26.01.2026, 20:11
Конституциялық комиссия: Білім берудің зайырлы сипатын бекіту ұсынылды
26.01.2026, 20:09
Конституциялық реформалар демократияны күшейтеді
26.01.2026, 20:09