Басты Жаңалықтар Оралда ₸2 млрд болатын жалған шот-фактура тіркеген күдікті ұсталды

Оралда ₸2 млрд болатын жалған шот-фактура тіркеген күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 11 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құмар ойынды насихаттаған бір азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше, сондай-ақ салықтан жалтарып, 2 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын тіркеген оралдық тұрғын ұсталды. Ол «құрылыс және арнайы техниканы жалға беру қызметін көрсетеді» деп тек қағаз жүзінде 17 кәсіпорын «құрған». Сондай-ақ, қаржылық пирамидалар бойынша 5 қылмыстық іс тіркелген. Заңсыз схемаларға 2 мыңнан астам тұрғын тартылып, шығын көлемі 470 млн теңгеден асқан. Мәселен «Imrat Group» атты қаржылық пирамидаға 30 азамат 89 млн теңге қаражат салған. Көлеңкелі экономикалық қылмысқа кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтеліп жатыр.

Мәдияр Палманов, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

Студенттерді жалған түрде оқуға қабылдап, шәкіртақы төлеуге арналған бюджет қаражатын жымқырған колледж директорының үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ Теректі ауданының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілді. Бухгалтерлер ай сайынғы жалақы төлемдерін жоқ тұлғаларға есептеп, қаражатты өздерінің банк карталарына аударып отырған.


Бөлісу