Президент ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін сынға алды
Президент Тоқаев ұлт саулығын саудаға салғандардың әрекетін қатаң сынға алды. Мемлекет басшысының айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесінде қордаланған жемқорлық пен заңсыздықтың ауқымы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірер деңгейге жеткен. Президент миллиардтаған қаржының «қағаз жүзінде» ғана халыққа жұмсалып, іс жүзінде біреулердің қалтасына кеткенін баса айтты. «2024-2025 жылдары медицинаға 7,8 триллион теңге, яғни, 15,5 миллиард доллар бөлінген. Ал сол қаражаттың басым бөлігі азаматтардың денсаулығын жақсартудың орнына, әлдекімдердің жеке мүддесіне қызмет еткен», – деді. Мәселенің өзекті екенін тұрғындар да айтты.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына жемқорлық схемаларынан пайда тапқандардың барлығын тез арада анықтап, заңмен жазалауды тапсырды. Президент Үкіметтің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруге қатысты ұсынысын да қолдайтынын жеткізді.
Әкім Тұрсын, қалалық №25 емхананың директоры:
Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тарификаторлар ұсынылған кезде барлығын министрлік дұрыстап, жүйелі түрде бәрін беріп отыратын болса, соған байланысты қай тарификатор бойынша төленеді. Соны нақтылап беріп отыру керек болады. Ал қалған жерінде негізгі қаржы көзі бөлек болғаны дұрыс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы