«Қайрат» - «Брюгге» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында бүгін «Қайрат» елордада Бельгияның «Брюгге» командасымен кездеседі. Матчтың басталуына санаулы минуттар қалды. Дәл қазір Астана-Арена стадионынан әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Азамат, стадиондағы көңіл-күй қалай?
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Стадиондағы көңіл күй тамаша. Көрермендер әлі де жиналып жатыр. Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасының аясында үйдегі, өз алаңындағы соңғы матчты өткізеді. «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде әлі өз алаңында гол соққан жоқ. Жалпы соққан 4 голды да сырт алаңда олжалаған. Сондықтан бүгін гол салып, ұпай алып, турнирлік кестенің соңғы сатысынан көтерілу керекпіз. Бірақ бүгін Дастан Сәтбаев сияқты жас талантымыз жарақатына байланысты жасыл алаңға шықпайды. Белгиялық Брюгге әйгілі Барселонаның қақпасына үш гол салып, тең ойын көрсеткен команда. Сондықтан бүгінгі матч аса тартысты болатыны анық. Ұлттық арнаның тікелей эфирінде матчты көріп, Қайратқа бірге жанкүйер болайық.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16