Қоймада климат бақылау жүйесі, температура режимі, жазда да, қыста да бірқалыпта тұрады.
Премьер-министрге шаруашылықты толыққанды таныстырдық.+01:29 мемлекет жағынан қолдау бар. Уылдырықтарына, жемдеріне көмек алып отыр.
Инфрақұрылым әрқашан озық қарқынмен дамуы керек, бірақ біз сәл кешігіп келеміз. Қазір Президент бұған үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қажетті қаражат бөліп жатыр. Біз мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын жүргіздік. Бұл қаражат бізге инфрақұрылымға салу үшін қажет. Бұл ақша ешқайда кетпейді, тікелей экономикаға салынады. Егер мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, онда инвесторлардың сенімі артып, келе бастайды. Даму осыдан басталады. Басқа жол жоқ. Сондықтан, біз инвестиция саламыз және осы жылдан бастап бюджеттің мүмкіндіктері басқаша болады.
Премьер-министр Алматыдағы «Ядролық физика институтында» болып, негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты. Биыл институтта ядролық криминалистика бойынша өңірлік оқу орталығын ашу жоспарланған. Осыған орай оқуға және жұмыс істеуге арналған кеңістіктермен жабдықталған жатақхана салынды. Премьер-министр 116 оқушы мен мамандарға арналған жеті қабатты ғимаратты аралады.
Сапар соңында Үкімет басшысы Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралады. Арнайы экономикалық аймақ құрылғалы 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 1 трлн теңгенің өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген. Қорытындылай келе Үкімет жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға күш салуды тапсырды.