Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
Иранда көтеріліс кезінде қаза тапқандар саны 544-ке жетті
Иранда көтеріліс кезінде қаза тапқандар саны 544-ке
жетті. Құрбандардың 48-і – қауіпсіздік қызметкерлері, 496-ы – демонстранттар. Мұны
АҚШ-та орналасқан Адам құқықтарын қорғау бойынша белсенділердің ақпарат
агенттігі хабарлады. Алайда Иран үкіметі әзірге мерт болғандар туралы ресми мәлімет
таратқан жоқ.
Мұнай бұрғылайтын платформаларға шабуыл жасалды
Дрондар Каспий теңізінде Ресейдің «Лукойл» компаниясының
мұнай бұрғылайтын үш плафтормасына соққы
берді. Бейнекадрларды Украина армиясының Арнайы операциялар күштері таратты.
Осы оқиғаның алдында Ресей қорғаныс министрлігі украиналық 10 шақты дронды атып
түсіргендерін хабарлаған еді.
Германияның батысында жолдарды көк мұз басты
Германияның батысында жолдарды көк мұз басты. Осыған
байланысты 5400 мектеп жабылып, оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Көктайғақ,
оның үстіне екпінді суық жел соғып, қалың қар жауды. Елдің метеорология қызметі
қолайсыз ауа-райы алдағы күндері де сақталатынын хабарлады.
«Алтын Глобус»
жүлдесінің жеңімпаздары анықталды
Лос-Анджелесте 83-Алтын глобус жүлдесімен марапаттау рәсімі өтті. Режиссер Пол Андерсонның «Шайқастан кейін шайқас» атты картинасы үздік комедия атанды. Ал «Хамнет» - үздік драмалық фильм деп танылды. Тимоти Шаламе үздік актер, ал Роуз Бирн үздік актриса атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы