Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Сондай-ақ дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдірілмек. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен. Нәтижесінде ірі медициналық орталықтар іске қосылып, ауылдық жерлерде 650-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді. Тарифтік саясат қайта қаралып, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық және шұғыл медициналық көмек сапасы артты. Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Денсаулық сақтау саласында «eDensaulyq» экожүйесі қалыптасып, жасанды интеллект дәрігерлерге қолдау және медициналық көмектің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде енгізілуде. Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі заңға өзгерістер мақұлдады. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолданғаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 баланың әкесі Ұлттық ұланда қызмет етеді
09.01.2026, 13:27
Абай облысында «Табиғатты аялайық!» шарасы ұйымдастырылды
09.01.2026, 13:24
Ақтөбе облысына ₸1,2 триллион инвестиция тартылды
09.01.2026, 13:21
Елдегі казиноларға тек туристер кіре алуы мүмкін
09.01.2026, 13:18
Жапонияда алапат өрт болып жатыр
09.01.2026, 13:15
Сербияның батысында өзендер тасыды
09.01.2026, 13:12
БҚО-да қылмыс 8% азайған
09.01.2026, 13:09
Ақмола облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер анықталды
09.01.2026, 13:06