Ақтөбе облысына ₸1,2 триллион инвестиция тартылды
Ақтөбе облысына соңғы бір жылда 1,2 триллион теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде, өңір экономикасы үшін маңызды жобалар жүзеге асты.
Соның бірі – гофроқаптама және картон қораптарын шығаратын кәсіпорын. Мұнда елу
адам еңбек етеді. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Қазыбек Әлішев пен
Дания Еспаева зауыт жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті. Халық қалаулылары бұл
жобаның арқасында импортқа тәуелділіктің азайғанын ерекше атап өтті. Алдағы
уақытта жұмысшылар саны 200-ге дейін артады. Жылына бір миллион шаршы метр өнім
шығарылады. Сондай-ақ қағаз қалдықтарын қайта өңдеу ісі жолға қойылмақ.
Қазыбек Әлішев, Мәжіліс депутаты:
Шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу барысында жаңадан қабылданған салық кодексі аясында қандай тағы мәселелер бар, салық кодексін әрі қарай жетілдіру мақсатында пікір алмасудамыз. Ертең, арғы күні Темір, Байғанин аудандарының тұрғындарымен кездесеміз. Сол жерде шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерімен кездесіп, түйткілді мәселелерін Үкіметке жеткіземіз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16