Басты Жаңалықтар Елдегі казиноларға тек туристер кіре алуы мүмкін

Елдегі казиноларға тек туристер кіре алуы мүмкін

Қазақстанда кейбір казиноларға жергілікті азаматтарды мүлдем кіргізбеу туралы ұсыныс айтылды. Яғни, тек шетелдіктер кіретін ойын аймағы құрылмақ. Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі көтерген. Сауалнама нәтижесінде Маңғыстау облысында бұл идеяны тұрғындардың 46%-ы қолдаған. Болжам бойынша 2029 жылға қарай өңірге 148 мың шетелдік турист келуі мүмкін. Бұл 7 мың жұмыс орны мен 1,2 млрд теңге салық түсімін береді. Ал Жетісу облысында қолдау көрсеткендер саны 67%. Мұнда жылына 36 мың шетелдік келуі мүмкін, нәтижесінде 700 жұмыс орны және 2,4 млрд теңге салық түсуі мүмкін. Алматы облысында бастаманы 54,5% респондент қолдаған. 2030 жылға дейін бұл өңірге жыл сайын 22 мыңнан астам шетелдік турист келуі мүмкін. Екі ойын аймағы арқылы 6,5 млрд теңге салық түсіп, 2 мың жұмыс орны ашылады. Министрлік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мұндай форматтағы казинолар ел азаматтарына зиян келтірмей, табыс әкелуі мүмкін екеннін мәлімдеді.


Бөлісу