8 баланың әкесі Ұлттық ұланда қызмет етеді
Ұлттық ұланда сегіз баланың әкесі қызмет етеді. Ол Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 55/13 әскери бөлімінің аға сержанты - Айбол Қоныспаев. Жиырма жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман жұбайымен бірге 3 ұл, 5 қызды өсіріп отыр. Өзге әріптестері Айболды «асыл жар, үлгілі әке» деп мақтан тұтады. Қонысбаевтар әулеті отбасы ең басты құндылық екенін әрдайым дәлелдеп келеді. Өз жұмысының қиындығы мен қызығын, Отанға қызмет етудің маңызын ұғындыру үшін ашық есік күндері балаларын жұмыс орнына ертіп әкеледі. Өзінің аға маман-сапер қызметін таныстырып, жұмыс барысын көрсетеді. Нәтижесінде Айболдың үлкен ұлы да Отан алдында адал қызмет ету жолын таңдамақ.
Айбол Қоныспаев, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі:
Өзім де көпбалалы отбасыдан шыққанмын. Енді көпбалалы әкемін. Өзімнің ұл-қыздарымды осы әскери бөлімге алып келіп, техникаларды көрсетіп, қару-жарақтармен таныстырып, ұлдарымды әскери өмірге баулып жүрмін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы