БҚО-да қылмыс 8% азайған
Батыс Қазақстан облысында жаңадан қолға алынған «Қауіпсіз өңір» жобасының нәтижесінде қылмыс 8 %-ға азайған.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 42 көше мен 24 аулаға жарық шамы қосылды. Жасанды интеллект бағдарламасымен жабдықталған бейнебақылау камералары орнатылды. Қараусыз қалған ғимараттар да назарда. Нәтижесінде өңірдегі ахуал тұрақты. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін «Қауіпсіз ұрпақ» жобасы қолға алынды. Облыстық прокуратура бастамасымен өткен «Заң мен тәртіп» форумында аймақтағы құқықбұзушылық мәселелері қаузалды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары қатысып, салаға қатысты заң нормаларын түсіндірді.
Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:
Мектеп жасындағы балалардың ішіндегі буллинг, бір-біріне әлімжеттік жасауы немесе балалар арасындағы суицид қылмыстары. Видеокамераға жасанды интеллект бағдарламасын орнату арқылы балалардың көңіл күйі қандай жағдайда екендігін анықтауға болады. Яғни, қылмыспен күрескеннен гөрі, оны болдырмай, алдын алу әлдеқайда тиімді.
Азамат Кустанов, облыс прокурорының орынбасары:
Қала бойынша 300 камера орнатылды. Олар іздеуде жүрген азаматтарды, жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тартылады. Мақсат – «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында оларды заңдылыққа үйретіп, қалада тәртіпті нығайту.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17