Табыс декларациясын тапсырудың тәртібі өзгереді
Табыс декларациясын тапсырудың тәртібі өзгереді. Бұл туралы Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінде декларацияны алдын ала автоматты түрде толтыру элементі қарастырылған. Келесі жылдан бастап шағын бизнеске осындай мүмкіндік ұсынылады. Әрі қарай осы функцияның аясы кеңейе бермек. Ал ірі бизнес болса, ішкі есептері мен құжаттарын тапсырады. Сол арқылы барлық деңгейдегі операциялардың мазмұны белгілі болады. Нәтижесінде декларация тапсырудың қажеті де болмай қалады, деді вице-министр. Егер бәрі цифрлық форматта болса, онлайн құжат алмасу жүйеленсе, декларация тапсырудың қажеті өздігінен жойылады, деді Ержан Біржанов. Сондай-ақ ол алдын ала толтырылған декларацияны салық төлеушіге мемлекеттік кірістер қызметінің өзі ұсынатынын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы