Қазақстанға жыл басынан бері 12,1 млн турист келді
Биыл Қазақстанның көрікті жерлерін көруге келген шетел туристерінің саны 12,1 млн адамға жетті.
Ал ішкі туристер саны 6,7 млн адамды құрады. Бұл былтырдан қарағанда әлдеқайда көп. Туризмге салынған инвестиция 923 млрд теңгеге жетіп, 38%-ға өсті. Инфрақұрылымды дамыту бойынша елде құны 403 млрд теңгені құрайтын 147 жоба іске асырылуда.
Одан бөлек, Щучинск-Бурабай, Алматы тау кластері және Маңғыстау курорттық аймақтарын
дамытудың кешенді жоспарлары бекітілді. Сондай-ақ Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд
бағытында «Jibek joly» және «Keruen
Express» туристік пойыздары іске қосылды. Қытайдың
Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы іске қосылды. Сондай-ақ Қазақстан
Орталық Азияда көш бастап, халықаралық іс-шаралар өткізу бойынша Еуропадағы үздік
35 елдің қатарына енді. Бұқаралық спорт та жақсы жолға қойылған, жыл басынан
бері халықтың 41%-ы яғни, 8 млн адам - спортпен тұрақты шұғылданады екен. 2029
жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы