Бурабайда құтқару жасағының екі станциясы пайдалануға берілді
Бурабай курорттық аймағында жедел-құтқару жасағының екі станциясы пайдалануға берілді.
Оның бірі Үлкен Шабақты, екіншісі Бурабай көлдерінде орналасқан. Екі нысанның құрылысы 5 жыл бұрын
басталған еді. Жаңа станцияларда қызметтік және қосалқы үй-жайлары бар,
сондықтан құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік ете алады. Бөлімше мамандарына
арнайы қызметтік автокөліктердің кілттері де табысталды. Жалпы, қыс басталғалы
жұқа мұз ойылып кетіп, бір балықшы суға кетті. Сондай-ақ ескертулерді елемеген 96
адам жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.
Талғат Айтпаев, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының міндетін атқарушы:
Курортты аймақтағы жаңа станция құтқарушылары әртүрлі төтенше жағдайда көмек көрсетуге толық дайын. Аудан бойынша бүгінде 36 құтқарушы күні-түні кезекшілік етеді. Олар тек суда емес, таулы жерлерде де адамдарға көмек көрсететіндіктен, гидравликалық, альпинистік апаттық-құтқару құралдарымен және қайықтармен жабдықталған.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53