Жүк тасымалдаушылар шектеулерді уақытша тоқтатуды сұрайды
Жүк көліктерінің иелері мен жүргізушілері қаңтарда күшіне енетін жаңа заң аясындағы шектеулерді уақытша тоқтатуды сұрайды. Жаңа жылдан бастап 25 тоннадан ауыр үш осьті жүк көліктердің жалпыға ортақ жолдарда жүруіне тыйым салынбақ. Талаптардың қатаңдатылуы, құрылыс нарығын тығырыққа тіреуі мүмкін дейді.
Вячеслав Лазарев, қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының салалық кеңес
төрағасы:
Бұл – мектептер, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысына тікелей соққы. Өйткені кез келген құрылыстың негізі - бетон. Оның тасымалы мен өзіндік құнының өсуі жалпы сметаның кемі 5-7 пайызға қымбаттауына әкеледі. Бұрын бір рейспен 10 куб бетон жеткізсек, енді шектеуге байланысты оны үш рейспен, яғни 3 кубтан тасуға мәжбүрміз. Бұл құрылыс қарқынын баяулатып қана қоймай, шығынды еселейді.
Бизнес өкілдері ауыр техника жол сапасына әсер ететінін жоққа шығармайды. Бірақ
мәселені шешудің басқа жолдарын ұсынып отыр. Көлік иелері жолды қалпына келтіру
мен күтіп ұстау үшін қосымша жылдық салық төлеуге дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ жол төсемінің сапасын ауыр техникаға шыдайтындай етіп нығайтуды
сұрады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49
Астаналық тұрғын медицинадағы қағазбастылықты азайтудың тың жолын ұсынды
17.04.2026, 11:41
Қазақстан халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша топ-30 елдің қатарына енді
17.04.2026, 11:39
ПД: Интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
17.04.2026, 11:36
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
17.04.2026, 11:34
Австралияның ең ірі мұнай зауытында өрт тұтанды
17.04.2026, 11:33
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 11:31
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
17.04.2026, 11:29