Ауылдар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлерге қолдау болады
Премьер-министр Үкімет отырысында қолөнер, былғары және сүт өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдауды тапсырды. Яғни, ауылдар мен шағын қалалардағы жобаларға басымдық берілмек. Үкімет басшысы әкімдерге шағын және орта бизнеске көрсетілетін көмектің басым бағыттарын қайта қарауды міндеттеді. Осылайша жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, қолөнер, былғары, сүт өнімдері және басқа да салаларды кеңейту шараларын қамту көзделіп отыр.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімінде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламалық құжатын қабылдауды тапсырды. Ол іскерлік белсенділікке және шағын кәсіпкерлікті дамытуға қосымша серпін беруге тиіс. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп, құжаттың сапалы әзірленуін қамтамасыз етсін.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10