Бірнеше аймақта ет қымбаттап кетті
Соңғы екі айда инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан Ұлытау, Ақмола және Атырау сынды бірнеше облыста ет бағасы қымбаттап кеткен. Облыс әкімдерінің қолында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қажетті құралдың бәрі бар екенін айтқан Премьер-министр, Сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту жұмысын жеделдетуді тапсырды. Бұл қосымша өнім түрлерінің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Астана қаласындағыдай, арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолдануды ұсынды.
Айта кету керек, өткен айларда сиыр етінің қымбаттауына байланысты, экспортқа 6
айға шектеу енгізілген еді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10