Президент энергетика саласының қызметкерлерін марапаттады
2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады. Бүгін энергетика саласының өкілдері бас қосқан мерекелік жиында Мемлекет басшысы осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін «Тарифті
инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылғанын айтты. Соның нәтижесінде
үш жыл ішінде тек кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард
теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұл жұмысты бәсеңдетпеу керек. Еліміз
экспорттық әлеуеті зор энергетикалық державаға айналуы тиіс, - деді Мемлекет
басшысы. Жиында Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап,
бірқатарын жоғары наградалармен марапаттады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының
Президенті:
Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10