100% сапалы ауызсумен қамтылады
Жамбылдағы Тұрар Рысқұлов ауданы Сөгеті ауылына сапалы ауызсу желісі тартылды. Бұқара бұған дейін 70 жыл бұрын салынған тозған су мұнарасын пайдаланып келген еді.
Ал құбыры шіріп кеткендіктен тұрғындарға соңғы 40 жыл бойы тіршілік нәрін тасып ішуге тура келген. Енді 464 млн теңгеге жаңа желі тартылды. Тереңдігі 117 метрлік 2 ұңғыма қазылған. 100 текше метрлік 2 су резервуары қойылып, ауылішілік желі жүргізілді. Нәтижесінде құбырлардан сараптамадан өткен сапалы су келіп тұр. Айта кетейік, аймақ ауылдары жыл аяғына дейін 100% сапалы ауызсумен қамтылады. Президент тапсырмасы бойынша 24 ауыл мен 9 тұрғын алабына 15,4 млрд теңге бөлінді. Қаржыға тіршілік көзін тасымалдайтын станциялар салынып жатыр.
Медет Әденов, аудандық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Биыл 3 елді мекен, 1 тұрғын үй алқабында су имаратының құрылысы жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін 41 елді мекен ауызсумен қамтылып отыр. Ол 98%-ды құрайды. Соңғы Сәбденов ауылындағы су ғимараты іске қосылған жағдайда Т. Рысқұлов ауданы 100% сумен қамтылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы