Қазақ хандығының ең күрделі кезеңі суреттелетін «Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өтті. Көзі қарақты көрермен туындының «Қазақ хандығы» телехикаясының екінші маусымы екенін бірден түсінеді. Оқиға желісі мынадай: Жәнібек пен Керей хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтары арасындағы Сығанақтағы тақ үшін таласы баяндалады.
Тарихи кино Алматы және Түркістан облыстары мен Тараз қаласында түсірілді. Ал, жобаның авторы - Елбасының өзі. Бұл қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында жасалған дүние. Бұған дейін телехикаяның «Алмас қылыш» атты алғашқы бөлімі прокатқа шыққан болатын. «Алтын тақты» кинотеатрлардан наурыз айында көруге болады.
Рүстем Әбдірашев, режиссер:
- Шынын айту керек, осы маусымда фильм алғашқы жобадағыдан да қызығырақ болғалы тұр.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Бірінші маусымда Қасым мен Бұрындық бойдақ болса, екінші маусымда олардың балалары, отбасы болады. Өздерінің жауы Шайбани Шаһқа тойтарыс береді. Сығанақты қайтарады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.