«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін көрсетеді

04.07.2019
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін көрсетеді

Елорда күніне орай, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі тұңғыш рет телеэкранға шығады«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тарихи туындыны көрерменге 6 шілде күні тарту еткелі отыр.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің желісі «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» туындысының жалғасы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Сығанақ тағы үшін таласы төңірегінде өрбиді.

Ауқымды тарихи жобаның авторы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Фильм сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде  жазылған.

Кинодастаны «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан сенбі, 6 шілде күні сағат 17:10-да көрсетіледі. 

Естеріңізге салсақ, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі жалпыұлттық прокатқа осы жылдың наурыз айында шығарылды. Қазақ тарихындағы күрделі кезеңдерді сипаттайтын жоба арқылы көрермен көшпенді халықтың тыныс-тіршілігіне терең үңіле алады.

Хабарламаларға жазылу