«Жеңіс тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жеңіс тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті

19.07.2015
«Жеңіс тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті

 

Оралдағы облыстық А.Островский драма театрында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс тарихы» деректі фильмдер топтамасының  тұсаукесері өтті. Туындыны Мұрат Жәкібаевтың продюссерлік орталығы түсірген.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, кинорежиссер Талғат Теменов, облыстық мәслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері де қатысты.

«Аман қалу бақыты», «10 жыл өткен соң», «Кездесу қуанышы»  деп аталатын шағын бөлімдерден тұратын деректі фильм соғысты көрген көзі тірі ардагерлердің өнегелі әңгімесімен, тарихи естеліктерімен құнды.

Әсіресе «Он жыл өткен соң» бөлімінде  кеудесін оққа тосқан аталарымыздың қатары азайып қалғаны кеңінен суреттеледі. Деректі фильмдегі картиналар желісі шынайылығымен көрерменге ой салады, деп жазады zhaikpress.kz.

Хабарламаларға жазылу