Басты Жаңалықтар Алматыда Н.Уәлидің еңбектеріне арналған конференция ұйымдастырылды

Алматыда Н.Уәлидің еңбектеріне арналған конференция ұйымдастырылды

«Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ тілтанымы: ғалым, уақыт, кеңістік». Алматыда филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Уәлидің 80 жасқа толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды. Жиында филолог ғалымдар тіл білімінің қазіргі даму үрдістері мен ғалымның қосқан үлесі туралы баяндама жасап, пікір алмасты. «Нұргелді Уәли – сөз маржанын теруші, түркі дүниесіндегі ең үлкен Қазақ әдеби тілінің 15 томдық көрнекілік сөздігінің құрастырушысы,  ғұмырын түгелдей ғылымға арнаған сөздікші-энциклопедист ғалым», - дейді баяндама жасаушылар. Бүгінде тіл ғылымының өрісін кеңейтіп, тіл мәдениетін қалыптастырған Нұргелді Уәли ұлт руханияты мен тілтұтастығы жолында қажырлы еңбек етіп келеді.

Кәрімбек Құрманәлиев, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Сөз мәдениетінің майталманы – осы профессор Нұргелді Уәли. Бұл кісінің керемет жаңалығы не деген кезде сөз мәдениетін қалыптастырудағы рөлі. Біз егер әдемі сөйлеп, шұбарлатпай, соған бұл кісінің жазған монографиялары, еңбектері, оқулықтары әсер етті деп толық айта аламын.


Бөлісу