Отандық ғалымдар обырға қарсы дәрі ойлап тапты
Отандық ғалымдар обырға қарсы дәрі ойлап тапты. Йод негізінде жасалған препарат қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуге көмек береді. Оны қабылдайтын науқастар Ұлттық ғылыми онкология орталығындағы дәрігерлердің бақылауында болады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов сол орталыққа барып, медицинадағы жетістіктермен танысты. Жыл басынан бері мұндағы радиология бөліміне 80 адам келіп, жаңа дәрінің арқасында ем тапқан. Таяуда ғалымдар осыған ұқсас тағы 13 препарат шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, жыл сайын 12 мыңнан астам зерттеу жүргізбек. Бұл отандық дәрі өндірісін дамытуға сеп болады.
Жанар Жақыпбекқызы, Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігері:
Біздің пациенттер жоғары және сапалы аппараттармен тегін ем алып жатыр. Бұл протондық терапияны жоспарлауды, емді аса жоғары дәлдікпен жүргізу үшін маңызды. Біздің орталықта КТ аппарат және Қазақстандағы алғашқы МРТ симулятор аппараттары жұмыс істейді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада экосабақтар өткізіліп жатыр
17.11.2025, 13:22
Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды
17.11.2025, 13:20
«Ұзынағаш – Отар» автожолы ел игілігіне берілді
17.11.2025, 13:18
Оксфорд университетінде қазақ ғалым сабақ беріп жүр
17.11.2025, 13:15
«Клаудия» дауылынан 3 адам қаза тапты
17.11.2025, 13:13
Австралияда 70 мектеп жабылды
17.11.2025, 13:09
ШҚО-да ₸11 млрд асатын мүлік тәркіленді
17.11.2025, 13:06
Дәрігерлерге әлеуметтік желіде жарнама жасауға тыйым салынды
17.11.2025, 13:03